«Education шеберханасы» жобасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу ісі жұмысы жөніндегі орынбасарларына оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу-тәрбие үрдісін тиімді жоспарлау» атты әдістемелік күн өтті. Аталған шарада оқу-әдістемелік орталық әдіскері С.Ж.Рамазанов, Көксу политехникалық колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Кылышова, «Прогресс» политехникалық колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Момышова, Д.А.Қонаев атындағы университеттің Талғар қаласындағы колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нургалиева жылдық жұмыс жоспарлары, оқу сабақ жоспарлары, қашықтықтан оқытуда оқу үрдісі мен сапасын бақылауда қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалардың қамтамасыз етілуі туралы мәселелерге талдау жасап, ұсыныстар берілді.