І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі мен бірлесіп «Жаңа Қазақстандағы білім беру қызметін көрсету-маман келбеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияда ғылыми-тәжірибе алаңда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының орынбасары Ә. Рақымжан, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі директорының оқу-әдістемелік іс жөніндегі орынбасары А.Хасенова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-профессорлары мен облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері С.Рамазанов техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытушының іс-әрекеті мен студентердің білімін бағалау тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.