«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында Қапшағай қаласындағы Орта мектеп-гимназиясында «Нәтижеге бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Балқаш, Талғар, Іле, Жамбыл, Кербұлақ, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласының педагогтері қатысты. Семинарда мектеп әкімшілігі «PDCA цикліне негізделген басқарушылық қызмет» тақырыбында таныстырылым жасады. Ал зерттеуші-педагогтер: Д.Рахметжанова, Ә.Каракойшинова, Л.Аухадиева, А.Махмутова шығармашыл ұстаздар шеберханасында «Сабақты зерттеу арқылы білім сапасындағы олқылықтарды түзету» атты шебер- кластар өткізді. Сонымен қатар, тәрбие бағытында «Парасат» әжелер клубы мен «Тағылым» әкелер клубының тәжірибелері ұсынылды. Аталған шараға қатысқан педагогтер мектеп ұжымының тәжірибесіне кері байланыс беріп, өз ойларын ортаға салды.