География пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында Қарасай ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп базасында «География пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Мақсаты: География пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тиімді тәсілдерді қолдану, тәжірибе алмасу. Семинар барысында сабақтарды сапалы өткізудің практикалық әдістері мен тәсілдерін, білім беру процесін ұйымдастыруда оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін қолдануда тәлімгер мен жас педагогтер ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, тәжірибелі педагогтер «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері», «Табысты сабақ кепілі-тиімді платформалар» тақырыбында шебер-сыныптар өткізді. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғ.Дихамбаев пән мұғалімдерінің «Жетісу шыңы» ассоциация жұмысы мен «Әр географ-өлкетанушы» жобасы аясында жүргізілген жұмыстары туралы таныстырылым жасады.