Арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің бойында ұлттық құндылықтарды дарытуда өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Рухани-адамгершілік тәрбие арқылы тәрбиеленушілердің ұлттық келбетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Шара барысында Талдықорған қаласындағы облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты тәрбиешісі Қ.Бекишева «Арнайы мектеп тәрбиеленушілері бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары», Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты тәрбиешісі С.Калниязова «Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің түп қазығы», Талдықорған қаласындағы облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі М.Қонаева «Зерде бұзылыстары бар балаларға рухани- адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығы», Қаскелен қаласынын облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп интернаты тәрбиешісі С.Кияхметова «Рухани-адамгершілік тәрбие аркылы тәрбиеленушілердің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.