Педагогтердің бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс істеуіне жағдай жасау, кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында Қапшағай қаласында «Кәсіби нетворкинг жағдайында сабақты зерттеуді жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада «Қапшағай ұстаздары» жетекші мектептер қауымдастығының жетекшісі А.Авалиев атқарылған жұмыстар туралы таныстырылым жасады. Қауымдастық педагогтері өз тәжірибелерін ортаға салып, практикалық жұмыстар жүргізді. Шараға мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, жетекші мектеп үйлестірушілері қатысты.