Педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, үздік тәжірибені насихаттау мақсатында педагог-шеберлер ашық сабақтар өткізді. Алматы экономикалық, Талдықорған жоғары политехникалық, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, Талғар агробизнес және менеджмент, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар, Талдықорған қаласының «Авицена» медициналық колледждерінің педагогтері математика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, арнайы пәндер бойынша ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Ашық сабаққа Көкшетау, Орал, Алматы қалалыры мен Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 250 инженер-педагогтері қатысып, кері байланыс берді.