«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің мемлекеттік тапсырысын орындау шеңберінде Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 417 инженер-педагогін «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткізуде. 108 академиялық сағатқа жоспарланған курс 4 форматта, кәсіпорын базасынан тағылымдамадан өту және оқу нәтижелерін қорытынды бағалау кезеңдерін қамтып, 5 модуль аясында икемді білім беру бағдарламаларын іске асырады. Курстан өткен 164 инженер-педагог курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын өзара тәжірибе алмасу шаралары арқылы іске асыруда.