Табысты білім беру моделін құру, мектеп басшыларының стратегиялық және жобалық басқару саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыруда Іле ауданы, №38 мектеп-гимназиясында «Ауыл мектебінде білім берудің SMART ортасын құру» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинарға «Аманат» қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ұстаз онлайн» академиясының директоры Г.Курганбаева қатысты. №38 мектеп-гимназия директоры Г.Аскарбаева «Ауыл мектебінде білім берудің SMART ортасын құру» жобасының жол картасын іске асыру және SMART тренажермен таныстырды. Аталған жобаны іске асыруда мектеп-гимназия педагогтері: Л.Нарымова, О.Адилханов, М.Абдиманапова, Ж.Мухамадиева тиімді тәжірибелерін ұсынса, мектеп тренері Л.Абилова «Мұғалімнің IT–құзыреттілігі — сандық ұрпақ оқытудағы интерактивті ортаны құрудың құралы тақырыбында коучинг өткізді.