Бастауыш сыныпта білім алушылардың оқу үрдісінде ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтарын дамытуда мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Оқу үрдісінде ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық практикалық вебинар өтті. «Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда тиімді тапсырмалар» тақырыбында Г.Жақсыбаева Алакөл ауданы Абай атындағы қазақ ОМ, «Приемы работы по формированию естественнонаучной грамотности на уроках естествознания в начальной школе» тақырыбында Э.Тойчибекова Сарқан ауданы №1 МГ, «Жаратылыстану сабағындағы зерттеу жұмыстарының жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы маңызы» тақырыбында Э.Қайранбекова Панфилов ауданы Алтынсарин атындағы ОМ, «Ғылыми-жратылыстану сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тапсырмаларды оқушыларға орындату» тақырыбында Г.Мурасилова Ұйғыр ауданы Қырғызсай ОМ бастауыш сынып мұғалімдері әріптестермен тәжірибе алмасып, ой бөлісті.