Математика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Математика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» атты тәжірибе тарату вебинары өтті. Вебинар барысында Республикалық «Математикалық регата» конкурсының жүлдегерлері: Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі Г.Оразәлі, Балқаш ауданы, Б.Бейсекпаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.Тоғанбай, Іле ауданы №44 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Х.Тауекел мен №29 орта мектептің математика пәні мұғалімі Қ.Хашабай олимпиадалық есептерді шығарудың тиімді жолдарын ұсынып, практикалық жұмыс жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті.