Алматы облысы педагог қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы аясында 17 пәндік, 23 түрлі бағыттар бойынша тақырыптық алаңдары өтуде.
👥Алаң жұмысына: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдары, «Talap» КЕАҚ әлеуметтік серіктестік және жоба басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кәсіптік білім беру орталығының мамандары, ЖОО ғалымдары, Арман — ПВ баспасы оқулық авторлары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ, білім басқармасының мамандары, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері, «Talapker» білім беру орталығы директоры, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, облыстық мамандандырылған мекемелер, қосымша білім беру орталықтарының мамандары, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысуда.
📖Тақырыптық алаңдарда өткен оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің рөлі, білім берудегі әлеуметтік және кәсіби жобалар, оқу-тәрбие жүйесінде құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастыру, халықаралық зерттеулер контекстінде функционалдық сауаттылықты арттыру, оқушылардың тілдік және тарихи ойлау дағдыларын дамыту жолдары, бастауыш білім беруді дамытудағы үрдістер, балабақшаны басқарудың заманауи талаптары, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік-біліммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
📚Жаңа оқу жылында білім алушылардың білімін толықтыру, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау, инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.