Іле ауданы «Әдемі» бөбекжай-балабақшасы мен «Қуат» балабақшасы базасында жекеменшік балабақша педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Аталған шарада әдістемелік орталық әдіскері Р.Тумаева Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартын таныстырып, 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру туралы нұсқау хаты талқыланды. Шараға «BilimInvest», «КАНО» білім беру саласындағы инвесторлардың қауымдастығы мүшелігіне кірген 135 педагог қатысты.