Ақсу ауданы мектеп директорларына практикалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектептің білім сапасын басқаруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық құжаттардың маңыздылығы түсіндіріліп, мектепішілік бақылауды жоспарлауда әдістемелік көмек көрсетілді.