Педагогтердің жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған халықаралық зерттеу тапсырмаларын оқу үрдісінде қолдану мақсатында «TIMSS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында Қаратал және Ескелді аудандарының география, физика, химия, биология пәндері мұғалімдерінің бірлескен шебер-сынып алаңдары өткізілді.
Шебер-сынып алаңдарында облысымыздың «Үздік педагог» конкурсының әр жылдардағы грант иегерлері Б.Молбаев, Ә.Сәулетхан, Д.Муталив «ТIMSS халықаралық зерттеу тапсырмалары: ізденіс, нәтиже» тақырыптарында өз пәндері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.