Тәрбие мен психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтер командасын анықтау, қолдау көрсету мақсатында шебер-класс алаңы өткізілді.
Аталған шарада Ақсу, Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандары, Талдықорған қаласы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы және сынып жетекшісінен құрылған белсенді топ командалары қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Ақсу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласының белсенді топ командалары облыстық кезеңге жолдама алды.