Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Психология, тәрбие және тұлға дамуы орталығының қызметкерлері өңірлердегі әдістемелік орталықтардың тәрбие ісі бойынша жетекші әдіскерлермен кездесті.
Кездесу барысында білім алушыларды тәрбиелеу ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асырылу қажеттілігіне назар аударылды.
Өскелең ұрпақ бойына ар-ұждан, ұят, намыс, еңбекқорлық, мейірімділік пен бауырмалдық, іскерлік пен мемлекетшілдік, қоғамға қызмет ету сынды құндылықтарды сіңіруге басымдық берілді.
Осы бағытта сынып жетекшілердің, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлардың, тәрбие ісі бойынша жетекші әдіскерлердің жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсетудің өзекті мәселелері қозғалды.