Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, «Білім берудегі инновациялық менеджмент» курсынан кейінгі мектеп басшыларын әдістемелік қолдау мақсатында құрылған «Жобалық менеджмент» жобасы аясында «Сабақты зерттеу (Lesson Study) мектепішілік бақылау нысаны ретінде» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада мектепішілік бақылауда оқу-зерттеу қызметі бағытында бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша түсіндірме жүргізіп, жобаға қатысушы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы мен Жетісу облысының мектеп директорлары сабақты зерттеу (Lesson Study) бойынша жинақтаған сапалық және сандық деректерінің цифрланған нұсқасын көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.