Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен және облыс әкімінің орынбасары Рустам Алиұлымен бірге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жиналыс өткізді.
Жиналысқа 200-ге жуық білім беру ұйымдарының басшылары, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.