Жұмыс сапарының екінші күнінің жоспарына сәйкес Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Министр Ақсу ауылындағы «Мамания» орта мектебіне, Сарқан ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясына, Үшарал қаласы С.Иманасов атындағы орта мектебіне барып, аудандардың педагогтерімен кездесті.