2023 жылдың 25 тамыз күні «Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті.
Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Әбілмәжінов Тимур Темірғалиұлы білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіптің өзектілігі жөнінде ой қозғады. Жиынға 500 ден астам педагог қатысты.