Панельдік сессия жұмысы барысында 5 тәжірибелік алаң жұмыс жасады.
1. Қаржылық – құқықтық тәртіп (басқарма басшыларының орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдары басшылары, мектеп директорлары, есепшілер).
2. Білім саласында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы (басқарма басшыларының орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдары басшылары, мектеп директорлары, есепшілер).
3. Білім саласын қаржыландыру: проблемалар, шешу жолдары (мектеп директорлары, есепшілер).
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына қаржыландыру мәселелері
(басқарма басшыларының орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, мамандары, балабақша меңгерушілері, есепшілер).
5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қаржыландыру мәселелері (басқарма басшыларының орынбасарлары, колледж директорлары, есепшілер).
Панельдік сессия жұмысын алғы сөзбен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қаржы департаментінің директоры Шақаева Гаухар Серікқалиқызы ашты.
Басқарма басшысы Сулейменов Марат Бекбосынович жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Панельдік сессияға жалпы 580 білім саласының қызметкерлері, оның ішінде 18 өңірден 85 маман қатысты.
Панельдік сессия жұмысы өңірлік пленарлық жиынмен жалғасады.