«Айналайын» қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының педагогтеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында орталық әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» мен мектепшілік бақылауды тиімді жоспарлау жолдары түсіндіріліп, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және арнайы мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.