Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылмаған отбасыларға арналған консультациялық пунктер жұмыс істейді.
Консультациялық пункттердің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.
Консультациялық пункттер жұмысының мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.