Каникулдық мектеп аясында жаңадан тағайындалған мектеп директорларына арналған екі күндік оқыту семинары өз жұмысын бастады. Бірінші күні мектеп басшылары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындау, оқу жұмыс жоспарын әзірлеу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын жүргізу, әдістемелік қызметті ұйымдастыру, педагогтерді жұмысқа қабылдау мәселелері, білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізді.