2021 жылғы 10-18 тамыз аралығында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында 19 пәндік, 31 түрлі бағыттар бойынша тақырыптық алаңдар өткізді. Алаң жұмысына: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ мамандары, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық пән мұғалімдерінің ассоциациясы, қосымша білім беру орталықтарының мамандары, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Тақырыптық алаңдарда өткен оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылындағы білім берудің негізгі басымдықтары, постковидтік кезеңде білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелері талқыланды. Негізгі басымдық жаңа оқу жылында білім алушылардың шектеу шаралары жағдайында негізгі пәндер бойынша қол жеткізе алмаған тұстарын ескере отырып, оқу жоспарларын тиімді құруға бағытталып, пәндер бойынша ұстанымдар, әдістемелер ұсынылды. Өңірлердің педагогтері арасында белсенді коллаборация құру, постковидтік кезеңде барлық білім деңгейлеріндегі сабақтастық, білім алушылар мен педагогтердің денсаулығын қолдау мәселелері, сондай-ақ білім саласының, оқыту мен тәрбиелеудің барлық өзекті мәселелері қамтылды.