«TopIQ.kz – білім беруді цифрландыру драйвері» вебинарына 600-ден астам бастауыш сынып, физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысып, интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысты.
TopIQ – әр оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес интерактивті және адаптивті оқулықтар арқылы оқытуды ұсынатын, әртүрлі жас топтарындағы оқушыларға цифрлық форматта қол жетімді оқу материалдарының кең ауқымы ұсынылған цифрлық платформа.