Отбасында, білім беру ұйымында және әлеуметтік ортада баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында «Балалар үшін қауіпсіз және психологиялық қолайлы орта құрудың маңызы» тақырыбында ашық алаң өтті.
Шара барысында Жетісу облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, «AMANAT»-тың Жетісу облыстық филиалы, бала құқықтары жөніндегі Жетісу облысы бойынша уәкілі, облыстық Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы, облыстық Қоғамдық даму басқармасы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтар өзекті мәселелерді талқылады.