Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Шара барысында Жетісу облыстық әдістемелік орталық әдіскері Ғ.Дихамбаев «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету», Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі А.Нестеренко «Развитие функциональной грамотности обучающихся через контекстные задания» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.