2024 жылдың 05 сәуірінде Талдықорған қаласындағы №17 орта мектеп базасында мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау мақсатында облыстық «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесі өтті.
Аталған іс-шараға облысымыздың жалпы орта білім беру ұйымдарының жас мамандары өз тәлімгерлерімен қатысып, ықшам сабақ, шебер-класс, шағын тренинг және ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, облыстық әдістемелік орталығының дипломдары табыс етілді, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.