Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 01-03 қыркүйек аралығында мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №444 бұйрығымен бекітілген коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды таныстырды. Аталған шарада дәстүрлі (штаттық) форматта және қашықтан оқытуды қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру, сонымен қатар білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.