Жетісу облысының білім басқармасы әдістемелік орталығы «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде Жобалық кеңсенің 2024-2025 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес нысаналы мектептердің математика пәні бойынша педагогтардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «PISA зерттеуіндегі математика сауаттылығын бағалау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Вебинарға нысаналы мектептердің математика пәні мұғалімдері қатысты.