Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 31 тамызында білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде түсіндіру жұмысын жүргізді. Аталған шарада орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілерімен, үлгілік оқу жоспарларымен таныстырды. Таныстырылым соңында қатысушылар орталық әдіскерлеріне сұрақтар қойып, бірлесе нормативтік құжаттарды талқылады.