Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 3-7 қыркүйек аралығында оқу процесін тиімді ұйымдастыруда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, әдіскерлерге, «Педагогикалық қауымдастық», «Жалын», «Жігер», Тамақтандыруды ұйымдастыру, «Серпін» ассоциация мүшелеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «ТжКББ ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын кредиттік-модульдік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастыру» тақырыбында тізбектелген вебинарлар өткізді.Іс-шарада 2021-2022 оқу жылын ұйымдастыру бойынша әдістемелік — нұсқаулық ұсынымдары, кредиттік оқыту технологиясын енгізу шарттары таныстырылды. Вебинар барысында дәстүрлі және қашықтықтан оқыту, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және кредиттік оқыту технологиясы негізінде әзірленетін оқу-жұмыс бағдарламасы, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар талқыланды.