Жетісу облысының әдістемелік орталығы BilimClass компаниясының мамандарымен бірлесіп, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында вебинар ұйымдастырды.
Вебинарға тірек және шағын жинақты мектеп педагогтері, сондай-ақ «Цифрлық мұғалім» жобасына тартылған мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында BilimClass платформасында онлайн сабақ өткізу әдістері мен мүмкіндіктері қарастырылды.
