Орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына психологиялық қызметті ұйымдастыруда әдістемелік көмек беру мақсатында вебинар өтті.Вебинарда орталық әдіскері Д.Кыдыкенова әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып, педагог-психологтарға жылдық жұмыс жоспарын құруда ескеретін ерекшеліктер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің педагог-психологтары Д.Ермухамбетова мен Б.Нугманова, Алакөл ауданы, Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің педагог-психологі Е.Абдинова, Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінің педагог-психологі Г.Рысбекова, Талғар ауданы №12 орта мектебінің педагог-психологі М.Естемесова, Талғар ауданы №29 орта мектебінің педагог-психологі С.Жусы, Талғар ауданы №34 орта мектебінің педагог-психологі У.Танагузова, Кербұлақ ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің педагог-психологі А.Сулейменова, Райымбек ауданы Қ.Шорманов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Г.Мейірманова, Ұйғыр ауданы Қалжат орта мектебінің педагог-психологі А.Медеуова, Панфилов ауданы Сыпатаев атындағы орта мектеп психологі Н.Махмутова, Көксу ауданы З.Тамшыбай атындағы орта мектебінің педагог-психологі Ш.Нұртаева өз жұмыс жоспарларын ұсынды. Педагог-психологтар білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, алдын алу, кеңес беру, диагностика жүргізу, түзету-дамыту бағыттары бойынша тәжірибелерін ортаға салып, өзара пікір алмасты.