2021 жылдың 15 қыркүйегінде информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттыруда пән оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинарда Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің мұғалімі К.Михов, Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы №19 ОМГ мұғалімі А.Нурбекова, Шелек политехникалық колледжінің оқытушысы В.Ахметова өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы информатика пән оқытушылары қатысты.