Мақсаты: әдістемелік, зерттеушілік, талдамалық және сараптамалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.
Міндеттері:
- қалалық (аудандық) оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық білім беру ұйымдарын әдістемелік ұсынымдармен, оқу-бағдарламалық құжаттамамен қамтамасыз ету және әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіруде оларға көмек көрсету;
- мектепке дейінгі, бастауыш, орта және техникалық кәсіптік білімнің тиімді жұмыс түрлері мен олардың нәтижелері туралы дерекқор құру, жұмыс тәжірибесін жинақтау, талдау мен жүйелеу;
- республикалық конкурстардың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және әдістемелік кеңестерді өткізу;
- басылып шығарылатын оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді апробациялау бойынша сынақ алаңдарын ұйымдастыру және олардың тиімді пайдаланылуына сараптама жүргізу;
- педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасау;
- білім беру ұйымдарындағы педагогтердің сапалық құрамын мониторингтеу, педагогтердің біліктілігін арттыруға қажеттілікті анықтау;
- басқарма алқасының қарауына өз құзыреттілігіне кіретін мәселелерді ұсыну;
- оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың заманауи технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу; оқыту мен тәрбиелеу нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша республикалық ғылыми мекемелер, ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдарындағы цифрландыру жағдайына талдау жүргізу.
Орталықтың әр бөлімінің функционалдық міндеттері:
Орталықта құрылымында 5 бөлім:
мектепке дейінгі және бастауышта білім беру, жалпы орта білім беру, білім беру менеджменті және инновациялық қызмет, білім беру үрдісін ақпараттандыру, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі бар.
- Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру бөлімінің функционалдық міндеттері:
- тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процессінің сапасын талдау, тәрбиеленушілердің даму деңгейлеріне мониторинг жүргізу; әдістемелік қолдау көрсету;
- балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша жедел топтар құру;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, тәрбиешілерін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, ОПМПК, арнайы мектеп интернаттарының педагогтерін, арнайы мамандарын (педагог-психолог, дефектолог, логопед, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог) әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу;
- «Сәтті қадам», «Кедергісіз келешек» жобалары мен «Жас педагог-психолог» мектебінің жұмысын үйлестіру, іске асыру;
- білім беру ұйымдарындағы педагогтердің сапалық құрамын мониторингтеу;
- семинарлар, конференциялар және т. б да әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі, бастауыш білімнің тиімді жұмыс түрлері мен олардың нәтижелері туралы дерекқор құру, жұмыс тәжірибесін жинақтау, талдау мен жүйелеу;
- мектепке дейінгі, бастауыш білім беру ұйымдары мен педагогтерді ақпараттық, технологиялық, консалтингтік, психологиялық қолдау, сондай-ақ білім беру ұйымдарын аттестаттауға даярлау үшін әдістемелік сүйемелдеу.
- Жалпы орта білім беру бөлімінің функционалдық міндеттері:
- білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізу;
- педагогтердің үздік тәжірибесін сараптау, жалпылау және тарату;
- педагог кадрларды біліктілікті арттыру курстарынан оқытуды ұйымдастыру, әдістемелік қолдау көрсету;
- «Халықаралық зерттеу тапсырмалары: ізденіс, нәтиже» жобасы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар жинағын, әдістемелік құралдар әзірлеу;
- білім берудегі инновацияларды енгізуге бағытталған әдістемелік жобаларды құру және іске асыру;
- педагогтердің қауымдастықтарымен іс-қимыл жасау;
- республикалық конкурстардың облыстық кезеңдерін ұйымдастыру, әдістемелік семинарларды, конференцияларды және т.б шараларды өткізу.
- «Жас мамандар» мектебінің, пән ассоцацияларының жұмысын үйлестіру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Білім беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің функционалдық міндеттері:
- мектеп басшылары мен орынбасарларының кәсіби шеберлігіне мониторинг жүргізу;
- озық педагогикалық тәжірибені жинақтап, тарату;
- мектеп басшыларына көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау бойынша кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Табысты басшы» жобасын іске асыру;
- оқытуда сапаны төмен көрсеткен мектептерді тиімді жұмыс істеу режиміне көшіру, ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру мақсатында «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі», шағын жинақты мектептердің білім сапасын жақсартуда «Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобаларын жүзеге асыру;
- тәжірибелік алаңдар мен эксперименттік алаңдар жұмыстарын әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу.
- білім беру ұйымдарын аттестаттауға даярлау үшін әдістемелік сүйемелдеу;
- білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
- «Тағылым» жобасы аясында «Білім-Инновация» лицейінің тәжірибесін білім беру ұйымдарына тарату, іскерлік байланыс орнату, тәрбие процесін ұйымдастыруда мектеп әкімшілігіне әдістемелік қолдау көрсету.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру бөлімінің функционалдық міндеттері:
- білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастыру; оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу;
- білім беру және басқару қызметінде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнату;
- оқу процесінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіруде педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету;
- ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерге оқыту семинарларын ұйымдастыру;
- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастыру және жоспарлау;
- білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету.
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің функционалдық міндеттері:
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды және ұсынымдардыбейін бойынша, оның ішінде электрондық оқулықтарды әзірлеуді ұйымдастыру;
- оқытудың заманауи технологияларын енгізу, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру және инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату;
- бейінді колледждерде оқу-әдістемелік әдебиеттермен, педагогикалық оқыту құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, техникалық заманауи оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы талдамалық материалдар дайындау;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мамандарының біліктілігін арттыру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету;
- білім беру бағдарламаларына, оқу-әдістемелік құралдарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге және электрондық оқулықтарға сараптама ұйымдастыру және жүргізу;
- Workldskills стандарттарының талаптары бойынша ТжКОББ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға жәрдемдесу;
- ТжКОББ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ТжКОББ ұйымдары қызметінің өзара іс-қимылды және үйлестіруді жүзеге асыру;
- ТжКОББ ұйымдары, жоғары білім беру ұйымдары мен ұйым (кәсіпорын) мамандарының өзара іс-қимылды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- білім беру сапасын сыртқы бақылау жүйесін жетілдіру, кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жетілдіру мақсатында ТжКБ ұйымдарының жұмыс берушілер өкілдерімен өзара іс-қимылын жүзеге асыруға жәрдемдесу.