Білім беру ұйымының басшысының оқу, тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелер, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулар өтуде.
Жетісу облысы білім басқармасының қолдауымен, «Спорттық бағдарламау Федерациясы» Республикалық коғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің информатика пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларға деген білімін тереңдету және мұғалімдерді кәсіби бағдарламалау мәселесіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің негізгі кезеңі өтіп жатыр. Еліміздің әр аумағында өткізіліп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне облысымыздан 14 мұғалім іріктеуден өтті. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырлыған «Ғұлама ғұмыр – Әлкей Марғұлан» атты облыстық семинар. Семинар жұмысына әл-Фараби атындағы Қазаұ Ұлттық университетінің Тарих, этнология және археология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.Ноянов, «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан ғылымы тарихы музейінің меңгерушісі Н.Дүйсембаева және…
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығының 82-тармағын іске асыру мақсатында 69 жалпы білім беру ұйымдарында аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Жетісу облысының әдістемелік орталығы қаңтар айында аттестаттаудан өтетін мектептерге Bilimclass платформасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға Алакөл және Қаратал ауданы мектептерінің Bilimclass платформасына жауапты мамандары қатысты.
Ақсу ауданында қазақ даласына ізгілік нұрын сепкен алғашқы білім ордасы Мамания мектебінің 125 жылдық тарихына арналған «Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы» атты облыстық байқауы.
Мақсатты мектептердің география пәні педагогтерімен Жетісу университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасы география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Е.А.Тоқпановпен «Профессорлық сағат» өтті.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтымен бірлескен «Мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру: мақсаттары, мәселелері мен тәсілдері» тақырыбында өңірлік семинар өткізілді.
«943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жобасы аясында бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика және биология пәндері бойынша 57 мақсатты мектеп педагогтеріне Біліктілік арттыру курстары өтуде.
Кербұлақ ауданы жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру» тақырыбында аймактық семинар өтті.