Каникулдық мектеп аясында халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық әлемде оқу» атты облыстық шеберлік алаң сериясы өткізіліп, аталған шарада Текелі қаласы, Көксу ауданының педагогтері тәжірибе таратты.
Каникулдық мектеп аясында Алакөл, Панфилов аудандарының жалпы орта білім беру ұйымдарының логопед, дефектолог және психологтеріне «Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту вебинары өткізілді.
Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты мен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебімен меморандум аясында «Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, информатика, тарих, ағылшын тілі пәндері мұғалімдеріне арналған семинар-курсы өтуде.
Каникулдық мектеп аясында математика пәні мұғалімдеріне «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру контекстіндегі математикалық сауаттылығының құрылымы» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Шараға 150 педагог қатысты.
Жетісу облысы әдістемелік орталығы мен «Спорттық бағдарламау Федерациясы» Республикалық коғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің негізгі кезеңі өтті. Аталған шараға орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Талдықорған қаласындағы №2 облыстық арнайы мектеп интернаты мен Текелі қаласындағы №8 орта мектеп базасында облыстық арнайы мектеп-интернаттары мен орта білім беру ұйымдарының түзету-дамыту сыныбының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық әлемде оқыту» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізіліп, аталған шарада Талдықорған қаласы, Кербұлақ және Сарқан аудандарының педагогтері тәжірибе таратты.
Сарқан ауданының Ақын Сара атындағы орта мектебі базасында облыстық арнайы мектеп-интернаттары мен орта білім беру ұйымдарының түзету-дамыту сыныбының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша мамандар даярлайтын ТжКББ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларына арналған тәжірибелік алаң өтті.
Халықаралық зерттеуіне қатысатын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық әлемде оқыту» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өтуде.