Халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының география, химия, биология және физика пәндері мұғалімдеріне «Жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар» тақырыбында Облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді.
Жаркент қаласының облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты базасында облыстық арнайы мектеп-интернаттары мен орта білім беру ұйымдарының түзету-дамыту сыныбының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Панфилов ауданының мектеп директорлары мен орынбасарларына мектеп құжаттарын рәсімдеудн әдістемелік көмек көрсетілді.
Арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне «Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығымен педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру шеңберінде №14 орта мектеп-гимназиясы тәжірибесінен магниттік мектептер, базалық деңгейдегі мектеп директорының оқу және әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагогтеріне «Іс-әрекеттегі зерттеу: табыстары мен қиындықтары, бастапқы нәтижелер» тақырыбында семинар өтті.
Мектеп басшылары мен әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларға «Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығымен педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жетісу облысы әдістемелік орталығы мен Bilimclass платформасының мамандарының ұйымдастыруымен «Bilimclass платформасын толтырудағы қателіктермен жұмыс» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шараға білім беру ұйымдарының Bilimclass платформасына жауапты педагогтер қатысты.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институтымен» бірлескен «Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық дамытушы ортаны құру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Жетісу облысының педагогтері мен оқушылары Алматыкітап баспасының «LEADER TOPIQ — 2025» конкурсының басталуымен 5 – жылдық мерейтойына арналған «TOPIQ — мен TOP- та бол!» атты республикалық челленджіне қатысуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне «Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығымен педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.