Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне «Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығымен педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Облыстық әдістемелік орталығы халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Цифрлық әлемде оқыту» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері және өндірістік оқыту шеберлері арасында «Жас педагог-2025» облыстық байқауы өтті.
Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының базасында жеке меншік балабақшаларға арналған семинар өтті.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі жоғары педагогті анықтау мақсатында Талдықорған қаласындағы №17 орта мектебі базасында «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі-2025» атты облыстық байқауы өткізілді. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 1 орын – И.Лих, Талдықорған қаласының №20 мамандандырылған лицейі; 2 орын – И.Комова, Көксу ауданы, Б.Құндақбаев атындағы орта…
Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектеп педагогтерінің тәжірибесін тарату «Жаратылыстану пәндерінде функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шараға химия, биология, география және физика пәні мұғалімдері қатысты.
Педагогтардың кәсіби іс-әрекетінде зерттеушілік құзыреттіліктерді дамыту арқылы шығармашылық қызметті жетілдіру жолдарын тәжірибеде көрсету мақсатында «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби әрекетіндегі зерттеушілік жұмыстарымен шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен республикалық семинары өтті.
Халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының география, химия, биология және физика пәндері мұғалімдеріне «Жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар» тақырыбында Облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді.
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыруда «ПОРТФЕЛЬ» жобасы аясында мектепалды топ/сынып педагогтері мен 1 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған «Балалардың жеке даму картасы арқылы қажеттіліктерді анықтау» тақырыбында семинар өтті.
Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Аталған шараға Ескелді ауданы мен Текелі қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері, психологтері, арнайы педагогтері, логопедтері және тәрбиешілері қатысты.