Әдістемелік көмек
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына сәйкес өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын, мектепішілік бақылауды жоспарлауда Талдықорған қаласы мен Ескелді, Қаратал, Ақсу, Сарқан ауданының жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына әдістемелік көмек көрсетіліп, нормативтік құқықтық құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.